Ислам Кәрімовтің қызы әкесін қолдаған халқына алғыс айтты

Лола Кәрімова-Тилляева

?збекстан президенті Ислам К?рімовті? ?ызы Лола К?рімова-Тилляева ?збекстан хал?ын Т?уелсіздік к?німен ??тты?тады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оны? Instagram желісіндегі пара?шасына сілтеме жасап. 

Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің қызы Лола Кәрімова-Тилляева Өзбекстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оның Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. 

"Отандастарымды шын жүрегіммен Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Біздің еңбекқор әрі шексіз дарынды, қайырымды Өзбекстан халқына бақыт, гүлдену мен өркендеу тілеймін! Берекелі жерімізде түрлі ұлттар мен түрлі дін өкілдерінің арасында бейбітшілік пен тыныштық, толеранттылық және өзара құрмет болсын!", - деп жазды президенттің кенже қызы. 

Сонымен қатар, ол Президентке айтып жатқан жылы сөздері мен ақ тілектері үшін халқына алғысын білдірді. "Бұл біз үшін өте маңызды, жүректеріңіздің төрінен шығып жатқан жақсылықтарыңыздың күші оның айығып кетуіне септігін тигізетініне сенімдімін! Көп рақмет!", - деп жазды ол.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, осыған дейін Өзбекстанда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 31 тамызға белгіленген салтанатты шаралар кейінге қалдырылғаны хабарланған болатын. Ал оның алдында Өзбекстан президентінің қайтыс болғаны туралы қауесеттер тараған еді. Алайда бұл мәлімет ресми түрде нақтыланбады.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама