ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 02 қыркүйек 2016 09:14
Ислам Кәрімовтің жағдайы өте ауыр - Өзбекстан үкіметі
Өзбекстан үкіметінің мүшелері ел президенті Ислам Кәрімовтің ауыр халде жатқанын хабарлады, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Өткен тәулікте президентіміздің жағдайы күрт нашарлап, дәрігерлердің оның жағдайы тым ауыр деп бағалап отырғанын зор күйінішпен хабарлаймыз", - делінген министрліктер кабинетінің хабарламасында. "Осыған дейін мемлекет басшысы Ислам Әбдіғаниұлы Кәрімовтің өткен сенбіде инсульт алып, ауруханаға түскені хабарланған болатын", - деп еске алды үкіметтегілер.
Еске салайық, осыған дейін 1 қыркүйекте "Ферғана" порталы, "Озодлик радиоси" және "Өзбекстанның халық қозғалысы" сайттары Ислам Кәрімовтің жерленетін уақыты мен орнын атаған болатын.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу