"Ислам мемлекеті" ұйымындағы негізгі үш көшбасшының көзі жойылды - БАҚ

Пентагон басшысы Эштон Картер "Ислам мемлекеті" ?йымында?ы негізгі ?ш к?шбасшыны? к?зі жойыл?анын хабарлады, - деп жазады РИА Новости Ассошиэйтед Пресс агенттігіне сілтеме жасап.

Пентагон басшысы Эштон Картер "Ислам мемлекеті" ұйымындағы негізгі үш көшбасшының көзі жойылғанын хабарлады, - деп жазады РИА Новости Ассошиэйтед Пресс агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Эштон Картер Италиядағы АҚШ-тың әскери базасында мәлімдеді. Пентагон басшысының баспасөз хатшысы Питер Кук 4 желтоқсанда "Ислам мемлекеті" ұйымындағы содырлардың көзі жойылғанын айтты. Оның айтуынша, содырлардың екеуі - Салах Гурмат пен Самми Джедудің Абу Мухаммед аль-Аднанимен байланысы болған.

Айта кетейік, тамыз айында "БАҚ-тармен жұмыс істейтін ресми өкіл" деп аталып кеткен Аль-Аднанидің көзі жойылған болатын. Пентагон басшысының баспасөз хатшысы Питер Куктің айтуынша, осыған дейін Бельгия соты Валид Хамман есімді үшінші содырды 2015 жылы теракт ұйымдастырмақшы болғаны үшін соттаған.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама