Испан жазушысы Хавьер Мариас қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Танымал испан жазушыларының бірі Хавьер Мариас 70 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Танымал испан жазушыларының бірі Хавьер Мариас 70 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

EFE ақпарат агенттігі мәліметінше, Мариас Мадридтегі ауруханада өкпе инфекциясынан кейінгі асқынудан қайтыс болған. Ол бұрын COVID-19 жұқтырған екен.

Испания премьер-министрі Педро Санчес Twitter-де жексенбіні "испан әдебиеті үшін қайғылы күн" деп атады. Ол жазушының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Реклама
Реклама

"Оның ауқымды және дарынды шығармашылығы әдебиетіміздің іргелі бөлігі болып қала береді", - деп жазды Санчес.

Испан жазушысы 1951 жылы 20 қыркүйекте Мадридте дүниеге келген және 16 роман жазған, соңғысы былтыр жарық көрген "Томас Невинсон" болды. Оның шығармалары кеңінен танымал болды, 46 тілге аударылды және 56 елде 9 миллионға жуық данамен сатылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная