Испаниялық азамат Лондонда 28 адамды лаңкестерден құтқарып қалды

© РИА Новости / Алекс Макнотон

Лондонда т?ратын испаниялы? Серхио Фаринья 28 адамны? ?мірін ??т?арып ?алды, ол ла?кестерді барда ты?ылып отыр?ан адамдар?а жібермей ?ой?ан, - деп хабарлайды РИА Новости испаниялы? Pa?s басылымына сілтеме жасап. 

Лондонда тұратын испаниялық Серхио Фаринья 28 адамның өмірін құтқарып қалды, ол лаңкестерді барда тығылып отырған адамдарға жібермей қойған, - деп хабарлайды РИА Новости испаниялық País басылымына сілтеме жасап. 

Лондонда теракт кезінде Фаринья лаңкестердің біріне 28 адам тығылып отырған Arthur Hooper's барына кіргізбей қойған. Сол кафеде жұмыс істейтін испаниялық азамат лаңкестің есіктен кіруіне тосқауыл болған. 

The Sun мәліметінше, микроавтобус бір топ адамды қаққан. Кейін көліктен 30 сантиметрден асатын пышақ ұстаған үш адам көшедегілерге шабуылдаған. Салдарынан кем дегенде 7 адамның қаза тауып, тағы 48-і жарақат алды.

Реклама
Реклама

Кейін Лондонның полиция басқармасы Лондон көпірінің маңындағы Боро базарында адамдарға пышақпен шабуыл жасалғанын растады. Скотланд-Ярд та Воксхолл ауданында үшінші оқиғаның болғанын хабарлады. Оқиға орнына жеткен полицейлер шабуылдаушылардың көзін жойды. Полиция жексенбі күні күндізгі уақытта осы іске қатысы бар 12 адамды ұстады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама