03 желтоқсан 2020 17:04

Испанияда балалардың денесінен түк шыға бастады

Фото: Newsflash

Испанияның Кантабрия өңіріндегі Торрелавега қаласында 20 баланың денесінен түк шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Испанияның Кантабрия өңіріндегі Торрелавега қаласында 20 баланың денесінен түк шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті билік бір топ балаға қателесіп, іш ауруын емдейтін омепразол дәрісінің орнына шаштың өсуіне арналған миноксидилді бергенін мойындады. Себебі дәріге таңба дұрыс қойылмай, ол қаладағы дәріханаларға жеткізілген.

Реклама
Реклама


Фото: Daily Mail

Миноксидилді қабылдаған балаларда гипертрихоз ауруы пайда болған. Яғни олардың денесінен түк шыға бастаған. Қала билігіне қатесін мойындауға, дәріні кері қайтаруға және мұндай олқылыққа жол берген зертхананы жабуға 2 ай уақыт кеткен.

Ашулы ата-аналар бұл жағдайды көпшілік білгенін қалаған. Бұл жағдайға қатысты тергеу басталған. 2019 жылы мұндай жағдай Андалусия мен Валенсияда да болған. Зардап шеккен отбасылар зертханаға және бірнеше компанияға препаратты өндіріске импорттағаны және таратқаны үшін және Кантабриядағы екі дәріханаға азаматтық және қылмыстық шағым түсірді.

Айта кетейік, гипертрихоз емделмейтін ауру болып саналады. Сондықтан балалардың бұл аурудан жазылатын-жазылмайтыны белгісіз болып тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram