30 қазан 2020 | 16:41

Испанияда коронавирустың мутацияланған жаңа түрі анықталды

© pixabay.com

Ғалымдар Испанияда коронавирустың мутацияланған жаңа түрін анықтады. Бұл туралы зерттеу авторы, Базель университетінің профессоры Эмма Ходкрофт айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ғалымдар Испанияда коронавирустың мутацияланған жаңа түрін анықтады. Бұл туралы зерттеу авторы, Базель университетінің профессоры Эмма Ходкрофт айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

Базель университеті, Цюрих политехникалық университеті мен SeqCOVID-Spain консорциумының зерттеушілері Еуропада соңғы төрт айда тіркелген коронавирус үлгілеріне баға берген. Зерттеуге алынған ең алғашқы үлгі Еуропа билігі шектеу шараларын ала бастаған кездегі шілде айындағы вирус. Мәліметтер SARS-CoV-2-нің Испанияда мутацияланған түрін анықтауға мүмкіндік берген. 

Реклама
Реклама

20A.EU1 деген атау берілген мутация жаз мезгілінде Испанияның солтүстік шығысындағы ауыл шаруашылығы жұмысшыларының арасында тарай бастаған. 

Ходкрофттың сөзінше, бүгінде вирустың тарауы мутациямен байланысты екені дәлелденбеген. Сондықтан 20A.EU1 коронавирусқа қарсы вакцинаны әзірлеуге кедергі келтірмейді. 

Коронавирустың мутацияланған штамы тарай бастады. Ғалымдар не дейді?

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная