26 қазан 2020 | 09:32

Испанияда ТЖ режимі жарияланды, ол 2021 жылдың мамырына дейін созылмақ

© Reuters

Испания үкіметі коронавирусқа байланысты елде төтенше жағдай режимін жариялады. Оны 2021 жылдың мамырына дейін созбақ, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Испания үкіметі коронавирусқа байланысты елде төтенше жағдай режимін жариялады. Оны 2021 жылдың мамырына дейін созбақ, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

Бұл шешім қатаң карантин шектеулерін енгізу үшін құқықтық базаны құру мақсатында қабылданған. Төтенше жағдай режимі кем дегенде екі аптаға созылады. 

Реклама
Реклама

Оны ары қарай созу үшін, Испания конституциясына сәйкес, үкіметтің шешімі қажет. Премьер-министр Педро Санчестің сөзінше, ол үкімет төтенше жағдай режимін 9 мамырға дейін созуға рұқсат береді деген үмітте, себебі бүгінде "Еуропа мен Испания пандемияның екінші толқынының орталығы".   

Пандемия басталғалы бері дүние жүзінде науқастар саны 43 миллионға жетті, оның ішінде, 1,1 миллион адам қайтыс болды. 31 миллионға жуық адам аурудан айыққан. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная