Италияда 20 адамды кепілге алмақшы болған ер адам ұсталды - БАҚ

Италияда 20 адамды кепілге алмақшы болған ер адам ұсталды - БАҚ © ANNA-News

Италияның Фьюджи қаласында мемлекеттік мекемеге баса көктеп кіріп, 20 шақты адамды кепілге алған адам ұсталды, - деп хабарлайды Rainews24.

Италияның Фьюджи қаласында мемлекеттік мекемеге баса көктеп кіріп, 20 шақты адамды кепілге алған адам ұсталды, - деп хабарлайды Rainews24.

Ер адам кәсіби дайындық институтында ұстазды ұстап алып, 20 шақты студент отырған бөлмеге кіріп, ешкімге қозғалмауын талап еткен. Сондағы қыздардың біріне ол жеңіл жарақат салған. Қыз бала ауруханаға жеткізілді. 

Алдын ала болжаммен қарусыз кірген жігітті жергілікті карабинерлер мен полицейлер құрықтаған. Оқиға орнына келген олар қаскөйге қарсы бұрышталған балонды қолданған. 

Жарнама
Жарнама

Мәлімет бойынша, 28 жастағы ер адам бұрындары психикалық ауытқу бойынша ем қабылдаған. Оны жергілікті аурухананың психиатриялық бөліміне жеткізген. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама