Италияда көліктер тұрған көпір опырылды: Үйінді астынан адамдар іздестіріліп жатыр

Италияда көліктер тұрған көпір опырылды: Үйінді астынан адамдар іздестіріліп жатыр © instagram.com/onorizz/

Италияның батысындағы Генуя қаласында көліктер тұрған көпір опырылды, - деп хабарлайды РИА Новости өрт сөндіру қызметіне сілтеме жасап.

"Оқиға орнына құтқарушылар мен кинологтар командасы кетті", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

 

Rainews24 телеарнасының мәліметінше, төтенше жағдай кезінде бірнеше көлік құлап кеткен. Үйінді астында адамдар қалып қалуы мүмкін екен. Қазіргі уақытта көпір аумағында қозғалыс тоқтатылды.

Алдын ала нұсқа бойынша, төтенше жағдайға құрылыстың шөгуі себеп болған.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама