Италия шұғыл түрде Deep Seek-ті бұғаттады

Фото:depositphotos.com/Mojahid_Mottakin

Италияда жасанды интеллектке негізделген жаңа қытайлық DeepSeek чат-боты бұғатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Италияда жасанды интеллектке негізделген жаңа қытайлық DeepSeek чат-боты бұғатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жергілікті реттеуші Garante италиялықтардың деректерін қорғау мақсатында DeepSeek чат-ботына қолжетімділікті шектеді.

"Garante италиялық пайдаланушылардың деректерін өңдеуді Hangzhou DeepSeek Artificial Intelligence және Beijing DeepSeek Artificial Intelligence компанияларына, яғни Қытайдың DeepSeek чат-ботының әзірлеушілеріне шұғыл түрде шектеді", - деп хабарлады.

Реклама
Реклама

Шектеу италиялық пайдаланушылардың деректерін қорғау мақсатында енгізілді, бұл шектеулер аталған компаниялардың жауабынан кейін қабылданған.

"Биліктің қорытындыларына қарамастан, компаниялар өздерінің Италияда қызмет жүргізбейтінін және оларға Еуропалық заңнаманың қолданылмайтынын мәлімдеді", - делінген ақпаратта.

Шектеулерді енгізумен қатар, реттеуші тергеу бастады.

Естеріңізге сала кетейік, OpenAI компаниясы өзінің деректерін Қытайдың DeepSeek чат-боты өз өнімін әзірлеуде қолданғанына дәлелдер барын мәлімдеген болатын. Зияткерлік меншік құқықтарын бұзу мүмкіндігі туралы айыптаулар қарастырылып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама