ПОДЕЛИТЬСЯ
23 мамыр 2021 | 21:40
Италияда арқанжол кабинасы құлап, 13 адам қаза тапты
Италияның солтүстігінде Пьемонт аймағында арқанжол кабинасы құлап, 13 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Corriere della Sera сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Италияның солтүстігінде Пьемонт аймағында арқанжол кабинасы құлап, 13 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Corriere della Sera сайтына сілтеме жасап.
Тоғыз және бес жастағы екі бала ауыр жарақат алып, ауруханаға тікұшақтармен жеткізілді. Қайтыс болғандардың арасында германиялық туристер бар екені хабарланды.
Қайғылы оқиға 23 мамырда Маджоре көлі мен Моттароне тауын байланыстыратын Стреза елді мекенінде болды.
Сыйымдылығы 35 адамдық фуникулер кабинассында 15 жолаушы болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, кабинаны ұстап тұрған кабель таудың басына шамамен 300 метр қалғанда үзілген.
Апат себебі анықталып жатыр. Кабина құлаған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Пьемонттағы тауға көтеретін жол - танымал туристік орын. Фуникулердің жұмысы коронавирусқа байланысты шектеліп, ұзақ үзілістен кейін 24 сәуірде ғана ашылған. 2014 жылы арқанжол екі жыл бойы техникалық қызмет көрсетуден өткен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также