06 ақпан 2020 | 15:25

Италияда жүрдек пойыз рельстен шығып кетті

© REUTERS

Италияның солтүстігіндегі Лоди қаласының маңында "Қызыл жебе" жүрдек пойызы рельстен шығып кетті. Екі адам қаза тапты, шамамен 28 адам зардап шекті, - деп хабарлайды РИА новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Италияның солтүстігіндегі Лоди қаласының маңында "Қызыл жебе" жүрдек пойызы рельстен шығып кетті. Екі адам қаза тапты, шамамен 28 адам зардап шекті, - деп хабарлайды РИА новости.

Апат 5:35-те (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 10:35-те) болған. Миланнан Салерноға шыққан 9595 нөмірлі Frecciarossa пойызы рельстен шығып кеткен, сонымен қатар екі вагоны аударылып қалған. 

Реклама
Реклама

"Екі машинист қаза тапты. Италия темір жол полициясының мәліметінше, пойызда 28 жолаушы болған. Олардың көбісі жеңіл жарақат алған, барлығы да жергілікті ауруханаларға жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, тек бір адам ғана айтарлықтай жарақат алған, соған қарағанда ол да темір жол саласының маманы болса керек. 

Оқиға орнына дереу жедел жәрдем бригадалары және өрт сөндірушілер келді. Қазіргі уақытта онда полицейлер мен карабинерлер жүр, олар оқиғаның мән-жайын анықтайтын болады. Милан - Болонья бағыты уақыты уақытша жабылды. 

© REUTERS


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная