ПОДЕЛИТЬСЯ
01 ақпан 2022 | 18:59
Италияда вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салынады
Италияда 50 жастағыларға және одан асқандарға вакцинадан бас тартқаны үшін айыппұл салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Il Post басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Италияда 50 жастағыларға және одан асқандарға вакцинадан бас тартқаны үшін айыппұл салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Il Post басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, ақпанның ортасынан бастап COVID-19-ға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын немесе екі дозасын да алмаған, медициналық дәрі-дәрмекті қабылдамаған азаматтар 100 еуро (48 680 теңге) төлеуге міндеттеледі. Айыппұл салық басқармасынан келеді.
Сонымен қатар, 15 ақпаннан бастап 50-ден асқандар жұмыста вакцина құжатын көрсетуі қажет. Құжатты көрсетпесе, жалақы ала алмайды.
Азаматтар айыппұл туралы хабарлама алғаннан кейін вакцина алуды шешсе де, салық қызметіне айыппұл төлеуге мәжбүр болады.
"Әлі де сақ болуымыз керек. Бірақ коронавирусқа қарсы жаңа кезеңді жоспарлауды бастадық", - деді Италияның денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанца.
Үкімет қабылдаған қаулы бойынша айыппұл вакцина алмағандарға ғана емес, белгіленген мерзімде вакцинаны толық алмағандарға да салынады. Мысалы, бірінші дозасын алғандар, бірақ екіншісін алмағандарға салынады.
50 жастан асқан вакцина алмағандардың көп бөлігі Сицилияда тұрады, онда халықтың 11,3 пайызы вакцинаның бірінші дозасын да алмаған. Бұл көрсеткіш Калабрия, Абруццо, Валле-д'Аоста және Лигурияда да жоғары.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также