01 желтоқсан 2020 | 18:02

Италиядағы COVID-19 бойынша жағдай тұрақтала бастады

Еуропада пандемияның бірінші толқынынан ең ауыр зардап тартқан ел Италияда соңғы екі аптада ахуал тұрақтала бастады, - деп хабарлайды "Хабар24".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еуропада пандемияның бірінші толқынынан ең ауыр зардап тартқан ел Италияда соңғы екі аптада ахуал тұрақтала бастады, - деп хабарлайды "Хабар24".

Жалпы індет басталғалы Италияда бір жарым миллионнан аса адам коронавирусты жұқтырып, 55 мыңы одан қайтыс болды.

Реклама
Реклама

Қазір бүкіл ел аумағы індеттің таралу қарқынына сәйкес түрлі түспен белгіленген үш аймаққа бөлінген. Сарапшылардың пікірінше, Рождество мейрамы қарсаңында үкімет қызыл аймақта сақтық шараларын күшейтіп, қызғылт пен сары аймақтарда жеңілдетуі мүмкін.

Дегенмен Италия тұрғындарына Рождество мейрамын қауіпсіздік шараларын сақтап, қарсы алуға тура келеді. Оған әлеуметтік арақашықтық сақтау мен маска тағу ережелері жатады. Италия үкіметі 4 желтоқсанда мәжілісін өткізіп, алдағы екі аптаға шектеу шаралары жөнінде жаңа шешім қабылдауы тиіс деп жазады дереккөз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная