08 тамыз 2022 11:20

Италиядағы өзеннен Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған бомба табылды

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италиядағы По өзенінен Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде су астында қалған бомба табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Италиядағы По өзенінен Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде су астында қалған бомба табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Әскери сарапшылар 25 шілдеде Италиядағы ең ұзын өзеннің солтүстігіндегі Борго Вирджилио ауылы маңында табылған 450 келі бомбаны залалсыздандырған.

"Балықшылар бомбаны По өзені жағасынан тапқан. Ол құрғақшылық салдарынан су деңгейінің төмендеуіне байланысты көрініп қалған", - деді полковник Марко Наси.

Залалсыздандыру операциясы үшін жақын маңда тұратын 3 мыңға жуық адам эвакуацияланған. Осы аудандағы әуе кеңістігі жабылып, су жолының сол бөлігіндегі навигация, сондай-ақ, жақын маңдағы теміржол желісі мен мемлекеттік автожол қозғалысы тоқтатылған.

Саперлар АҚШ-та жасалған құрылғыдан жарылғышты алып тастады, онда 240 келі жарылғыш зат бары айтылды. Содан кейін полицейлер құрылғыны Медол муниципалитетіндегі карьерге жеткізген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети