ПОДЕЛИТЬСЯ
03 желтоқсан 2020 | 09:33
Иванка Трамп саяси мансабын бастауы мүмкін - БАҚ
АҚШ президенті Дональд Трамптың қызы және кеңесшісі Иванка әкесі мемлекет басшысы қызметінен кеткеннен кейін саяси мансабын бастауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ президенті Дональд Трамптың қызы және кеңесшісі Иванка әкесі мемлекет басшысы қызметінен кеткеннен кейін саяси мансабын бастауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Washington Post басылымы Трамп отбасындағы дереккөзге сілтеме жасай отырып, Иванка өзін қандай да бір саяси лауазымға ұсыну немесе республикалық саяси партия шеңберінде ықпалын нығайту арқылы саяси мансабын жалғастыруды ойлап жатқанын жазады.
Алайда Дональд Трамптың қызы "президент сайлауына қатысуы мүмкін бе?" деген сұраққа тікелей жауап беруден жалтарып отыр.
Басылым мәліметіне сәйкес, Иванка Трамп АҚШ президентінің кеңесшісі ретінде жұмыс істеген 4 жыл ішінде көптеген адам оны "либерал көзқарастағы әйгілі Нью-Йорк тұрғыны" ретінде қазіргі АҚШ президентін сабырға шақырады деген ойда болған. Алайда ол "Америка биік белесті бағындырады" бағдарламасын қолдап, Дональд Трамптың жақын жақтастарының біріне айналған. Бұл туралы Иванка Fox News телеарнасы берген сұхбатында айтқан.
"Менің ойымша, ол саясатта қалғысы келсе, оны адамдар қолдайды. Бірақ саясатта қалу, сайлауға түсу емес", - дейді Ақ үйде жұмыс істеген бұрынғы шенеунік.
"Ол АҚШ-тың бірінші әйел президенті болғысы келеді деп ойлаймын. Иванка ешқашан сәнге қызығушылық танытпаған. Бірақ бәрі барынша кез келген билікті алу тұрғысынан қарастырылады", - дейді Иванка Трамптың бұрынғы креативті директоры Марисса Велес Краксбергер.
Айта кетейік, осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байден билікке келген кезде оны әділет министрлігі арқылы жазалауы мүмкін екенін ойлап, алаңдайтыны хабарланған еді. Ол үшін Джо Байден Трамптың 3 баласы: кіші Дональд Трамп, Эрика Трамп, Иванка Трамп және оның күйеуі Джаред Кушнерді таңдауы мүмкін.
Алдын ала мәліметтер бойынша Трамп демократ Джо Байденнің президент сайлауында жеңгенін мойындамай отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также