26 наурыз 2019 | 09:38

Израиль әскері Газа секторына соққы жасай бастады

Дина Муратова Редактор
© REUTERS/Mohammed Salem

Израиль әскері Газа секторына зымыран оқтарын жаудырып жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Израиль әскері Газа секторына зымыран оқтарын жаудырып жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.

Шиеліністің күшеюі 25 наурызда таңғы уақытта басталаған, ол кезде тұрғын үйге шабуыл жасалып, салдарынан жеті адам қаза тапқан. Кейін Израиль (ЦАХАЛ) ресми түрде ХАМАС-қа қарсы әскери операция жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Қақтығысып жатқан екі жақ бір-біріне зымыран оқтарын жаудырып жатыр. Салдарынан палестиналық жақтан кем дегенде бірнеше адам жапа шекті. 

Реклама
Реклама

Израильдің әуе күштері Газа секторының солтүстігінде орналасқан Рималь ауданындағы ХАМАС-тың жетекшісі Исмаил Ханидың кеңсесіне шабуыл жасаған. Израиль әскерінің мәліметінше, бұл кеңседе әскери жиындар өткізілген екен.

Оған қоса Израиль әскері Газа секторындағы ІІМ бес қабатты ғимараты мен үш қабатты үйге оқ жаудырған. ХАМАС-тың барлау қызметкерлері бұл ғимараттарды жасырын пайдаланған.

Қақтығыс кезінде Палестина әскері Израильге 30 зымыран оғын жаудырған. "Железный купол" ЗҚҚ жиынтығыны арқылы зымырандардың бір бөлігінің шабуылына тойтарыс берген. Басқа қайтарылмаған зымырандар ашық алаңға құлаған", - делінген Израиль әскерінің баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, 25 наурызда кешкі уақытта ХАМАС-тың айтуынша, Мысырдың араласуымен олар Израильмен қақтығысты тоқтату туралы келісімге келген. Бірақ кейін екі жақ зымыран оқтарын бір-біріне жаудырған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная