ПОДЕЛИТЬСЯ
24 желтоқсан 2018 | 13:34
Израиль әскері Сирия шекарасындағы адамдарды атып тастады
Израиль әскері Сирия шекарасынан елге өтіп кетпекші болған қаруланған адамдарды атып тастады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Израиль әскері Сирия шекарасынан елге өтіп кетпекші болған қаруланған адамдарды атып тастады.
Израиль қарулы күштерінің хабарламасында "әскерилердің Сириямен шекараға жақын маңда Голан шыңындағы "Альфа" тізбегін кесіп өтпекші болған қаруланған адамдарды байқағаны" жазылады. Сарбаздар оқ атқан.
Оқиға салдарынан қаза тапқандардың бар-жоғы белгісіз. Сол хабарламада былай делінген: "1974 жылғы бөліну келісіміне сәйкес, Израиль егемендігіне қауіп төндірмекші болғандармен күресті жалғастырамыз".
Сирия мен Израиль шекарасындағы Голан шыңында буфер аймағы бар, оны БҰҰ әскері бақылайды. Ол 1973 жылы Қиямет күні соғысынан кейін құрылған. "Альфа" тізбегі - еврейлер бөлігі, ал "Браво" - сириялық аймақ. Екі ел де шыңды өзінікі деп санайды.
Our troops spotted armed suspects crossing the Alpha Line into #Israel near the #Syrian border fence in the Golan Heights. In response, our troops fired towards them.
We will continue to operate against violations of Israeli sovereignty & the 1974 Separation of Forces Agreement.
Показать комментарии
Читайте также