Израиль Бейрутқа соққыларды күшейтпек, ол үшін АҚШ-тан шешім күтіп отыр - БАҚ

Израиль Бейрутқа соққыларды күшейтпек, ол үшін АҚШ-тан шешім күтіп отыр - БАҚ Бейрут. Фото:depositphotos.com

Израиль билігі Америка Құрама Штаттарына Ливан астанасына жасалатын соққылар ауқымын кеңейтуді мақұлдау туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Jerusalem Post басылымына сілтеме жасап.

Израиль билігі Америка Құрама Штаттарына Ливан астанасына жасалатын соққылар ауқымын кеңейтуді мақұлдау туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Jerusalem Post басылымына сілтеме жасап.

Басылым бұл ақпаратты жағдаймен таныс екі дереккөзге сілтеме жасай отырып таратты.

"Израильдің жоғары лауазымды шенеуніктері америкалық әріптестеріне Израиль қорғаныс армиясына (ЦАХАЛ) Бейрутке жасалатын соққыларды кеңейтуге рұқсат беру туралы өтініш айтты", - делінген жарияланымда.

Жарнама
Жарнама

Газет сұхбаттасушыларының айтуынша, Израиль тарапы АҚШ пен Иран, сондай-ақ Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздерде ілгерілеушілік болмағандықтан, Вашингтоннан оң жауап күтеді.

Еске сала кетейік, кеше Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ЦАХАЛ-ға Ливандағы "Хезболла" қозғалысына қарсы операцияны кеңейтуді бұйырды. Ол тиісті мәлімдемені бейнеүндеуінде жасады.

Тель-Авивтің жоспарларына байланысты Франция БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді талап етті, деп мәлімдеді Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро. Бұқаралық ақпарат құралдары дипломатиялық дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Ливан бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы 1 маусымда өтетінін жазды.

Бұған дейін Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац ЦАХАЛ Ливанның оңтүстігіндегі ортағасырлық Бофор бекінісін бақылауға алғанын мәлімдеген болатын. Бұл бекініс 1982-2000 жылдардағы соғыс кезінде осы ауданды бақылауда ұстаған. Нетаньяху Бофор қамалының басып алынуын "Хезболлаға" қарсы науқандағы "түбегейлі бетбұрыс" деп атады.

Израиль мен Ливан арасындағы ресми атысты тоқтату режимі 17 сәуірден бері күшінде, бітім туралы АҚШ көшбасшысы Дональд Трамп хабарлаған болатын. БАҚ-тың мәліметінше, тараптар арасындағы келіссөздердің жаңа кезеңі 2-3 маусымда АҚШ-та өтуі мүмкін.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама