Израиль билігі маска тағу режимін алып тастады

viewings icon
543
comments icon
0
Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Израиль билігі маска тағу режимін алып тастады. Енді ашық аспан астындағы нысандар мен көшелерде бетпердесіз жүруге рұқсат етіледі, - деп хабарлайды Reuters.

Израиль билігі маска тағу режимін алып тастады. Енді ашық аспан астындағы нысандар мен көшелерде бетпердесіз жүруге рұқсат етіледі, - деп хабарлайды Reuters.

Жарлыққа денсаулық сақтау министрлігінің бас директоры Хези Леви қол қойды.

Шешім коронавирус жұқтыру деңгейі төмендеп, сондай-ақ халықты вакцинациялау науқаны сәтті өтіп жатқанына байланысты қабылданды. Израильде Pfize /BioNTech вакцинасына құқығы бар, 16 жастан асқан тұрғындардың шамамен 81 пайызы екі дозаны да алған. Бұл елдегі инфекция жұқтыру дерегінің күрт төмендеуіне әкелді.

Реклама
Реклама

Алайда маска тағу режимі туралы талап жабық нысандарда сақталады. Сондай-ақ, Израиль Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері көшедегі жиналыстарға қатысқан кезде тұрғындарға маска тағуды ұсынды.

Шетелдіктердің елге кіруі әлі де шектеулі, ал шетелден оралған вакцина салдырмаған тұрғындар оқшауланады.

"Қазір пандемиядан шығу шаралары бойынша бүкіл әлемнен озып келеміз. Алайда әлі де СOVID-19-ды жеңген жоқпыз. Қайтып оралуы да мүмкін", - деді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.

Бұған дейін мамырда Израильге бара алатын туристер санаты аталған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная