19 қараша 2021 | 14:49

Израиль қорғаныс министрінің үй тазалаушысы тыңшылық жасады деп айыпталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Бени Ганц. Фото ©REUTERS

Израильде Иран пайдасына тыңшылық жасады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Израильде Иран пайдасына тыңшылық жасады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

Израильдің арнайы қызметі елдің қорғаныс министрі Бени Ганцтың үй жұмысшыларының бірі Иран тыңшысы болғанын айтты. Ер адам тазалаушы болып жұмыс істеп, басқа да тапсырмаларды орындаған.

Тергеу мәліметтері бойынша, ол әлеуметтік желілерде күдікті адамдармен хат алмасып, оларға қорғаныс министрінің үйінің суретін жіберіп, Ганцтың компьютеріне арнайы тыңшылық бағдарлама орнатуға уәде берген.

Реклама
Реклама

Ер адамға тыңшылық жасады деген айып тағылды. Сонымен қатар, оның қорғаушылары мемлекетке зиян тигізгісі келмегенін, мұны қаржылық жағдайы нашар болуына байланысты жасағанын айтады.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Иран мен Израиль арасындағы шиеленіс Тегеранның ядролық бағдарламасына байланысты күшейіп келе жатқанын айтып, оны Израиль шенеуніктері аймақтағы Израильдің жауларына әскери жағынан қолдау, нығайту деп атады.

Өткен жылы Иранда "Иран бомбасының атасы" деп аталған ғалым Мохсен Фахризаде атылды. Иран басшылығы АҚШ пен Израильді өзінің көрнекті ядролық ғалымын өлтірді деп айыптады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная