24 қараша 2023 12:52

Израиль мен ХАМАС арасында уақытша бітім басталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату режимін бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату режимін бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

Израиль мен палестиналық радикал ХАМАС тобы арасындағы төрт күндік гуманитарлық бітім Астана уақытымен сағат 11:00-де күшіне енді.

Реклама
Реклама

Осы уақыт ішінде кепілге алынған израильдік 50 және палестиналық 150 тұтқын - әйелдер мен кәмелетке толмағандар босатылуы керек.

Қатар делдал бола отырып қолжеткізілген келісімге сәйкес, ХАМАС лаңкестік ұйымы кепілге алған алғашқы 13 адам Астана уақытымен сағат 20:00-де босатылады. Израиль жұмада кепілге алынғандардың аты-жөнінің алдын ала тізімін алғанын растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram