19 шілде 2021 | 09:49

Израильде карантин талабын бұзғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

©REUTERS

Израиль билігі полицияға коронавирус жұқтырғанын біле тұрып, оқшаулау режимін әдейі бұзғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Xinhua басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Израиль билігі полицияға коронавирус жұқтырғанын біле тұрып, оқшаулау режимін әдейі бұзғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Xinhua басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Израиль премьер-министрі Нафтали Беннетт мәлімдеді. Оның айтуынша, үкімет тиімді шаралар енгізуді ұйғарған. Өйткені талаптарды бұзған адам өзіне және Израиль азаматтарына қауіп төндіреді. Ол үшін жаупкершілік көзделгені де айтылды.

Сонымен қатар, бас прокуратура мен Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі карантиндегі адамдарды бақылау үшін қосымшаны қолдануды қарастырып жатыр.

Реклама
Реклама

Мысалы, карантин режиміндегі адамның телефонына таңертең гиперсілтемесі бар хабарлама келеді. Оны басқан кезде, науқастың қазір тұрған мекенжайы бірден поицияға жіберіледі. Алайда телефоны жоқ тұрғындар қалай тексерілетіні белгісіз, әсіресе балалар.

Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі елде үнді штамының таралуы көбейгенін хабарлады. Кейінгі тәулікте 6 622 жағдай анықталып, 63 адам ауыр жағдайда екені белгілі болды.

Айта кетейік, оқшаулау режимін бұзғандарды жауапкершілікке тарту Қазақстанда да жоспарланып отыр. Мысалы, коронавирус жұқтырған қазақстандықтарға өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін айыппұл салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram