Израильде қатаң карантин енгізілді

viewings icon 519
comments icon 0
© Reuters © Reuters

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху елде үш аптаға карантин енгізілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху елде үш аптаға карантин енгізілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Министрлер кабинеті төрағасының айтуынша, 19 қыркүйекте бастап елде локдаун режимі енгізіледі.

Реклама
Реклама

"Бүгін Үкімет отырысында біз елді келесі үш аптаға карантинге жабу туралы шешім қабылдадық,", - деді Нетаньяху баспасөз мәслихатында.

Дереккөз мәліметінше, Израильде тұрғындардың қозғалысы шектелді, оқу орындары жабылды, мейрамханалар мен кафелер, кеңселер жұмысын тоқтатты.

Израильде соңғы күндері коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп жатыр. Бүгінде елде науқастардың саны 156 мыңға жетті. Соңғы тәулікте 4 мыңға жуық науқас тіркелген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная