ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қыркүйек 2021 | 15:41
Израильде коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін неге ауырғандар көбейді? Вирусолог жауабы
Ресейлік вирусологтар Алексей Аграновский мен Владимир Болибок Lenta.Ru тілшісіне берген сұхбатында, Израильде халықның көпшілігі COVID-19-ға қарсы вакцина алғанына қарамастан, неге ауырғандар көбейгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ресейлік вирусологтар Алексей Аграновский мен Владимир Болибок Lenta.Ru тілшісіне берген сұхбатында, Израильде халықның көпшілігі COVID-19-ға қарсы вакцина алғанына қарамастан, неге ауырғандар көбейгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Израильде коронавирустың таралуы шілдеден бері өршіп тұр. 1 қыркүйекте елде 16 мыңнан аса инфекция жұқтыру дерегі анықталған. Өлім жағдайы да көбейген, күн сайын 30-50 науқас қайтыс болады.
Премьер-министр Нафтали Беннеттің айтуынша, коронавирустың таралуына байланысты Израиль үкіметі бұрын алып тасталған шектеулерді қайта қойған.
Аграновскийдің айтуынша, Израильде аурушаңдықтың артуы, COVID-19-дың "дельта" нұсқасының өршуіне байланысты. Нұсқаның басты айырмашылығы, басқа штамдармен салыстырғанда бұл нұсқаны жұқтырған науқас, ауруды әлдеқайда ауыр өткереді.
"Қазір көп елде, соның ішінде Израильде "дельта" штамы өршіп тұр. Оның бұрын ауырмаған немесе вакцина алмаған балалар мен жасөспірімдерге жұғу қабілетті басым. Сонымен қатар, "дельта" екпе алған ересектердегі қорғанысты жартылай жеңеді. Сондықтан аурушаңдық артқаны байқалады", - деп түсіндірді биология ғылымдарының дәрігері.
Аграновский вирустың жаңа сезімтал топтарды табуы вакцинацияның пайдасыз екенін білдірмейтінін айтты.
"Статистикаға сәйкес, вакцина алған адамдар COVID-19-ды жеңіл өткереді. Бұл топта ауыр және өлімге әкелетін жағдайлар әлдеқайда аз. Аурудың өсуі оң нәтиже көрсеткен сынама санына байланысты бағаланады, бірақ вакциналар ауыр зардаптардан қорғайды", - деді маман.
Иммунолог Владимир Болибок та Израильде аурушаңдықтың көбеюін "дельта" штамының пайда болуымен байланыстырды, бірақ ол коронавирус жұқтыру көрсеткішінің өзгеруіне вакциналардың жаңа штамдарға қарсы тиімділігі аз болғандығы да әсер етуі мүмкін деп санайды.
"Барлық вакцинаның тиімділігі іс жүзінде аздап төмендеді. Бірақ әр түрлі жолмен. Көрсеткіш матрицалық вакциналарда төмендеді. Векторлық вакциналарда одан аз", - деді дәрігер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также