28 желтоқсан 2021 | 12:33

Израильде коронавирусқа қарсы вакцинаның төртінші дозасын салу басталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Израиль ауруханаларының бірі коронавирусқа қарсы вакцинаның төртінші дозасын сынақтан өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Израиль ауруханаларының бірі коронавирусқа қарсы вакцинаның төртінші дозасын сынақтан өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Сынақ Рамат-Ган қаласындағы Шиба медициналық орталығында жүргізіліп жатыр. Вакцинаның төртінші дозасын 150 дәрігер салдырды. Халықаралық деңгейде мұқият қадағаланатын зерттеу нәтижелері шамамен екі аптадан кейін Израильдің Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынылады.

Бір күн бұрын Израиль денсаулық сақтау министрлігінің сарапшылар тобы билікке әлемде бірінші болып елде коронавирусқа қарсы вакцинаның төртінші дозасын енгізуге рұқсат беруді ұсынды. Оны 60 жастан асқан, иммунитеті әлсіреген адамдарға және дәрігерлерге енгізу жоспарланып отыр.

Реклама
Реклама

Израиль үкіметі бұл ұсынысты қолдады, бірақ Денсаулық сақтау министрлігінің бас директоры Нахман Эштің мақұлдауын әлі алған жоқ.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, нақты зерттеу деректерінің жоқтығынан Эш тізімнен дәрігерлерді алып, 70 жасқа дейінгілерге салынсын деп ережені өзгертуі мүмкін.

Еске салайық, Израиль пандемиямен күресте әлемдегі ең табысты елдердің бірі болды. Ол ең жылдам вакцинация бағдарламасын жүзеге асырды, оның 9,3 миллион халқының жартысынан астамы ішінара немесе толық вакцинацияланған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная