09 қазан 2023 | 10:04

Израильдегі музыка фестивалінде өлтірілген 260 адамның мәйіті табылды - БАҚ

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: mignews.com

"ЗАКА" қоғамдық ұйымының еріктілері Израильдің оңтүстігіндегі Реимде өткен электрон музыка фестивалінде 260 адамның мәйіті табылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі MIGnews сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Nature Party электрон музыка фестивалінде қаза тапқандар саны одан да көп болуы мүмкін екені атап өтілді. Сондай-ақ, ондаған адам тұтқынға алынған және қазір хабар-ошарсыз кеткендер есебінде екені атап өтілді.

Бұған дейін Израиль соғыс жағдайына кіргенін ресми түрде жариялаған болатын.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 7 қазанда таңертең "Изз ад-Дин аль-Кассам" бригадасының ХАМАС әскери қанаты бұрын-соңды болмаған операция басталғанын хабарлады. Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыран атылып, қарулы топтар Израиль елді мекендеріне кірді.

Өз кезегінде Израиль армиясы ондаған жойғыш ұшақтарды пайдаланып, Газа секторына шабуылдар басталғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram