27 шілде 2022 13:37

Жаһандық жылыну: Швейцария мен Италия арасындағы шекара өзгерді

Дина Шарипханова Корреспондент
©REUTERS

Жаһандық жылыну Италия мен Швейцария арасында аумақтық дау туғызды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Local басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаһандық жылыну Италия мен Швейцария арасында аумақтық дау туғызды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Local басылымына сілтеме жасап.

Альпі тауларындағы мұздықтың еруіне байланысты Швейцария мен Италия арасындағы шекара жылжып, таудағы италиялық үйдің орналасқан жеріне күмән туған.

1973-2010 жылдар аралығында Швейцарияның оңтүстігіндегі Вале кантонындағы Теодуль мұздығының төрттен бір бөлігі еріген. Бұл су айдынын өзгертіп, көрші екі елді шекараның 100 метрлік бөлігін жылжытуға мәжбүр етті.

Реклама
Реклама

©REUTERS

©REUTERS

Шекараны жылжыту мәселесі 2018 жылы басталып, былтыр ымырамен аяқталған. Дипломатиялық келіссөздің  егжей-тегжейлері құпия.

Таудағы баспана 1984 жылы тасты жартаста салынып, толығымен Италияда орналасқаны атап өтілді. Дегенмен, қазір баспананың үштен екісі техникалық тұрғыдан Швейцарияның оңтүстігінде орналасқан. Бұл мәселе резонанс тудырды, өйткені бұл аймақ әлемдегі ең үлкен тау шаңғысы курорттарының бірінде орналасқан.

©REUTERS

Қазіргі уақытта шекара карталарда үзік сызықпен көрсетілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram