07 наурыз 2022 | 15:43

Жаңа Зеландия Путин, Мишустин, Лавров пен Шойгуға санкция салды

Фото:elements.envato.com

Жаңа Зеландия Ресей президенті Владимир Путин, премьер-министр Михаил Мишустин, сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен қорғаныс министрі Сергей Шойгаға санкция салды, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жаңа Зеландия Ресей президенті Владимир Путин, премьер-министр Михаил Мишустин, сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен қорғаныс министрі Сергей Шойгаға санкция салды, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

Жаңа Зеландия Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында әңгіме Украинадағы арнайы операциямен байланысты адамдар үшін елге кіруге тыйым салу туралы екені айтылған. Жалпы жарияланған тізімде 100 адам бар. 

"Санкциялар сауда, қаржы ұйымдарына қатысты. Жаңа Зеландия аумағына ресейлік кемелер мен ұшақтардың кіруіне тыйым салынады. Заң жобасы нақты Ресей басқыншылығына бағытталғанымен оның заңсыз әрекетіне қолдау білдірген Беларусь сияқты елдерге де шектеу енгізуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Ал Оңтүстік Корея Ресей Орталық Банкімен операцияларды тоқтатуы мүмкін. Үкімет мәселені талқылап жатқаны айтылады. Бұған дейін Сеул мәскеуді SWIFT төлем жүйесінен ажыратып, экспортты шектеген. Ресейге стратегиялық мақсаттағы тауарларды жеткізуге тыйым салынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная