ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 наурыз 2020 13:53
Жаңа Зеландияда шетелден келгендердің бәрі карантинге жатуға міндеттелді
Жаңа Зеландияда шетелден келгендердің барлығын 2 апта мерзімге оқшаулау міндеттелді, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Жаңа Зеландияда шетелден келгендердің барлығын 2 апта мерзімге оқшаулау міндеттелді, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Іс-шара коронавирустың таралу қаупінің күшеюіне байланысты енгізілді. Тәртіп 16 күннен кейін қайта қаралуы мүмкін.
"Біз қазір дерттің кеңінен таралуын болдырмау үшін қатаң іс-шараларды қолға алуымыз керек. Бұл арқылы індеттің әлемге жайылуын тоқтатпасақ та, елге енуін шектей аламыз. Барлық азаматтан шетелге сапар шекпеуін сұраймыз", - деді Жаңа Зеландия премьер-министрі Джасинда Ардерн.
Айта кетейік, Жаңа Зеландияда коронавирус 8 адамнан анықталған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу