29 қазан 2018 | 13:40

Жапон ханшайымы Аяко тұрмысқа шықты: Үйлену тойынан суреттер

© ERR

Жапон императоры Акихитоның немере қарындасы Аяко ханшайым мен оның болашақ жары Кэй Моританың неке қию рәсімі дүйсенбіде өтті, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жапон императоры Акихитоның немере қарындасы Аяко ханшайым мен оның болашақ жары Кэй Моританың неке қию рәсімі дүйсенбіде өтті, - деп хабарлайды РИА Новости

Той салтанаты Токионың Мэйдзи храмында 30 шақты қонақтың қатысуымен өтті, олардың арасында екі жақтың отбасы мүшелері бар. 

Реклама
Реклама


© Reuters

Салтанатты шарадан соң Аяко ханшайым журналистер алдында жапон азаматтарына алғыс білдіріп, өзімен бірге осы тойды дүйім жұртшылықтың тойлап жатқанына қуанышты екенін мәлімдеді. 


Фото Reuters

Олардың үйленетіні туралы 2 шілдеде белгілі болған еді. Аяко мен Кэй Моританың атастыру шарасы 12 тамызда өтті. 


Фото Reuters

Жапония императорының немере ағасы Такамадо отбасынан шыққан Аяко ханшайымның жасы 28-де. Оның болашақ күйеуіне Жапониядағы ең ірі NYK Line (Nihon Yusen Kaisha) компаниясы тиесілі. Оның жасы 32-де. Олар өткен жылы желтоқсанда танысқан. 


© Reuters

Тұрмысқа шыққан ханшайым Жапония заңы бойынша императорлық үйдің мүшелігінен шығып қалады. Осылайша әлемдегі ең көне династия болып саналатын монархиялық үй бір адамға қысқарды, олар 18 ғана қалды. Қазіргі уақытта императорлық отбасыда әйелдер көп, олар - 14.


© Reuters


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная