ПОДЕЛИТЬСЯ
17 шілде 2022 | 13:36
Жапон премьер-министрі Абэнің өліміне қатысты жаңа мәліметтер пайда болды
Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге қастандық жасаған 41 жастағы Тецуя Ямагами шабуылдан аз уақыт бұрын өзінің жоспарын меңзеп хат жазған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Yomiuri газетіне сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 41 жастағы Тецуя Ямагами шабуылдан аз уақыт бұрын, отбасының қаржылық күйреуіне кінәлі Біріккен шіркеуді сынап Абэге хат жіберген.
Бірақ хатта аты-жөнін жазбаған, тек анасы мен Біріктіру шіркеуі арасындағы келісім-шарт пен мекен-жайын жібреген. Мәтінде Ямагами Абэні кінәлі деп санамайтынын, бірақ діни ұйымға жанашырлық танытқанын құп көрмейтінін, себебі, бұл шіркеу отбасында болып жатқан барлық қаржылық проблемалардың бастамасы екенін жазған.
Еске салайық, Синдзо Абэге көшеде сөз сөйлеп тұрған жерінде белгісіз біреу оқ атқаны хабарланған болатын. Қарулы шабуыл 8 шілдеде жергілікті уақытпен 11.30-да болған (елорда уақытымен 08.30). Оған екі мәрте оқ атылып, саясаткер бірден құлаған. Кейін шабуыл жасаған күдікті анықталды. Кейін Синдзо Абэнің қайтыс болғаны хабарлан
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также