16 қараша 2016 10:46

Жапондар әлемді тағы бір таңдандырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапондар әлемді тағы бір таңғалдырды. Бұл жолы құрылысшылар көзге түсті. Олар Фукуока қаласының орталығындағы көп жолақты жолда пайда болған үлкен шұңқырды бірнеше күнде бітеген, - деп жазады The Guardian.

Жолдың беті 8 қараша күні метро желісін жүргізу бойынша жер асты жұмыстарына байланысты опырылып түскен. Оқиға салдарынан электр сымдары, телефон желілері үзіліп, газ және су құбыры жарылған. 

Жапон БАҚ-тарының жазуынша, ені 30 да 27, ал тереңдігі 15 метрді құрайтын шұңқырды екі күнде бітеген. Ал жолды толықтай жөндеп бітіруге бір апта ғана уақыт кеткен. Жұмыс тәулік бойы тоқтамаған.

Фукуоки әкімі Соитиро Такасима келтірілген қолайсыздықтар үшін ел алдына шығып тұрып, тұрғындардан кешірім сұрады. Ол жол бөлігі бұрынғысынан енді 30 есе мықты екенін айтты. 

© Reuters/AP/AFP/Getty Images

Көптеген Интеренет пайдаланушылары жөндеу және қалыпқа келтіру жұмыстарының жылдамдығына таңданысын білдірді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети