22 сәуір 2022 | 14:20

Жапония 19 жылда алғаш рет Курил аралдарын оккупацияланған аумақ деп атады

Фото ©РИА Новости

Жапония билігі 2003 жылдан бері алғаш рет Оңтүстік Курил аралдарын Ресей "оккупацияланған" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NHK телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жапония билігі 2003 жылдан бері алғаш рет Оңтүстік Курил аралдарын Ресей "оккупацияланған" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NHK телеарнасына сілтеме жасап.

Жапония Сыртқы істер министрлігі "Дипломатия туралы көк кітап" атты жыл сайынғы баяндамасында Курил аралдарының оңтүстік бөлігі "заңсыз басып алынғанын" жазған. Оны елдің министрлер кабинетінің отырысында Жапония сыртқы істер министрі Есимаса Хаяши таныстырды.

Баяндамада Курил аралдарын "Ресей заңсыз басып алған, ол Жапонияның тарихи аумағы" деп жазылған.

Реклама
Реклама

"Біз 19 жылда алғаш рет солтүстік аумақтарды Ресей заңсыз басып алғанын ашық айттық және ұстанымымызды нақты көрсеттік", - деп жазылған құжатта.

Жапонияның Сыртқы істер министрлігі "Дипломатия туралы көк кітапты" 1957 жылдан бастап жыл сайын шығарады және елдегі дипломатиялық жағдай мен оның келешегі, Жапонияның әлемдегі жағдайы туралы анықтамалық кітап саналады.

Токио 2011 жылдан бастап Оңтүстік Курил аралдарын "Жапонияға тиесілі" деп атайды, ал 2003 жылдан бері "заңсыз басып алды" деген сөзді қолданбаған.

Жапония Оңтүстік Курил тізбегінің төрт аралын: Кунашир, Шикотан, Итуруп және Хабомаиді өз жері санайды, олар 1855 жылғы Сауда және шекаралар туралы екіжақты трактатқа сүйенеді. Токио Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында Ресеймен бітімгершілік келісімін жасаудың шарты ретінде аралдарды қайтаруды атаған, бірақ оған қол қойылмаған.

1956 жылы КСРО мен Жапония бірлескен декларацияға қол қойған, онда Мәскеу бейбіт келісім жасалған жағдайда екі аралды Жапонияға беру мүмкіндігін қарастыруға келіскен. КСРО осымен мәселе шешіледі деп үміттенген, ал Жапония барлық аралға деген талаптардан бас тартпай, бұл мәмілені мәселені шешудің бір бөлігі ғана деп санады. Мәскеудің ұстанымы бойынша, аралдар Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО-ның құрамына енген және Ресейдің оларға қатысты егемендігі күмән тудырмайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная