16 қазан 2020 | 09:26

Жапония "Фукусима-1" атом станциясындағы радиоактив суды теңізге төгуі мүмкін

Фото: REUTERS©

Жапония "Фукусима-1" атом электр станциясындағы радиоактив суды теңізге төгу туралы шешім қабылдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жапония "Фукусима-1" атом электр станциясындағы радиоактив суды теңізге төгу туралы шешім қабылдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Майнити" газеті үкіметтік ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, радиоактив су - 2011 жылдың наурызында жер сілкінісі мен жойқын цунами салдарын жою кезінде пайда болған қосымша өнім екенін хабарлады.

Реклама
Реклама

Ол арнайы цистерналарда сақталады, бірақ олардың көлемі шексіз емес. Станцияда сақталған радиоактив су мәселесін шешу бірнеше жылдан бері талқыға салынып келеді.

Радиоактив су ALPS тазарту жүйесінен өтеді, нәтижесінде радиоактив заттар концентрациясының көрсеткіштерін төмендетуге болады. Жоспарға сәйкес радиоактив заттардың деңгейі қалыпты деңгейге азайғанға дейін ALPS жүйесінде су тазартылады.

Ақпан айында Жапония үкіметі екі негізгі нұсқаны - суды теңізге төгу немесе оны атмосфераға шығару мәселесін талқыға салған болатын. Егер суда тритий концентрациясы жоғары болса, оған теңіз суы қосылады.

Радиоактив суды ағызу қосымша жабдық жасауды қажет етеді. Бұл шамамен екі жыл уақытты алады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная