17 ақпан 2020 | 22:59

Жапония жағалауында тұрған лайнердегі қазақстандықтар туралы мәлімет пайда болды

© REUTERS

Жапония жағалауында карантин жарияланған Diamond Princess круиз лайнерінде қалып қойған қазақстандықтар туралы мәлімет пайда болды, олар - екі әйел және 8 бен 12 жастағы екі бала, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәліметті ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жапония жағалауында карантин жарияланған Diamond Princess круиз лайнерінде қалып қойған қазақстандықтар туралы мәлімет пайда болды, олар - екі әйел және 8 бен 12 жастағы екі бала, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәліметті ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров берді.

"Бүгінде олардың жағдайына алаңдауға себеп жоқ емес, олар коронавирус жұқтырмаған. Олар қажеттің барлығымен қамтылған, нақтырақ айтқанда, ас пен медициналық қорғаныс құралдары. Сонда да отандастарымыз вирустың бар-жоғына сараптама тапсырды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазақстанның Жапониядағы елшілігі олармен тығыз қарым-қатынаста екені айтылады. 

"Кемеде 5 ақпанда карантин жарияланған еді, карантин уақыты 19 ақпанда аяқталады. Аяқталған соң вирус жоқ болған жағдайда біздің азаматтар кемеден түсіріледі. Жапон тарапы әр жолаушыны жер бетінде тексеруге ниетті. Вирус табылмаса, азаматтар Қазақстанға оралады", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Бұған дейін Жапонияда 3700 жолаушысы бар круиз лайнерінде бір адамнан коронавирус табылған соң карантин жарияланғаны хабарланған. 

Diamond Princess кемесі 20 қаңтарда Йокогамадан шыққан, 3 ақпанда портқа оралған. Жапония билігі оның бортындағы қытайлықтан коронавирус табылғандықтан, 19 ақпанға дейін карантин жариялаған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная