27 қаңтар 2021 | 15:54

Жапония премьер-министрі шенеуніктердің түнгі клубқа барғаны үшін кешірім сұрады

Фото ©REUTERS

Жапония премьер-министрі Йосихидэ Суга карантин шектеулеріне қарамастан түнгі клубтарға барған шенеуніктердің әрекеті үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Reuters.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жапония премьер-министрі Йосихидэ Суга карантин шектеулеріне қарамастан түнгі клубтарға барған шенеуніктердің әрекеті үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Reuters.

Басылымның мәліметінше, Жапония Үкіметі мейрамханалар мен барларға қатысты қатаң шаралар қабылдағанына қарамастан, басқарушы коалицияның бірнеше шенеунігі түнгі клубқа барған. Карантинге байланысты мұндай мекемелерде алкоголь сатылымы кешкі жетіде тоқтап, жұмыс уақыты бір сағатқа қысқарған болатын.

Реклама
Реклама

"Халықтан кешкі сегізден кейін үйден тыс жерде тамақтанбауды және маңызды емес серуендерден аулақ болуды сұрап отырғанда, осылай болғаны өте өкінішті. Әрбір заң шығарушыны қоғам түсінуі үшін, ол өзін тиісті түрде ұстауы қажет", - деді Суга.

Басқарушы либералды-демократиялық партияның жоғары дәрежелі депутаты Джун Мацумото дүйсенбіде Токионың Гиндза ауданындағы екі түнгі клубқа барғанын ашық мойындағандардың бірі болды.

"Өзіміз басқа адамдардан шыдамдық сұрап отырғанда менің бұл әрекетім ыңғайсыз болды", - деді депутат.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная