22 қараша 2016 | 09:48

Жапонияда 2011 жылдан бергі ең қуатты жер сілкінісі болды

22 қараша күні, жергілікті уақытпен сағат 05:59-да (Астана уақыты бойынша 02:59) Жапонияның Фукусима шығыс перфектурасының маңында (Хонсю аралы) 2011 жылдан бергі ең күшті жер сілкінісі болды. Жапонның NHK телеарнасының мәліметінше, оның магнитудасы 7.3-7.4 болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

22 қараша күні, жергілікті уақытпен сағат 05:59-да (Астана уақыты бойынша 02:59) Жапонияның Фукусима шығыс перфектурасының маңында (Хонсю аралы) 2011 жылдан бергі ең күшті жер сілкінісі болды. Жапонның NHK телеарнасының мәліметінше, оның магнитудасы 7.3-7.4 болды.

Көз жұмғандар мен зардап шеккендер және келген шығын туралы әлі ақпарат жоқ.

Реклама
Реклама

Жағалау маңындағы бірқатар елді мекендерде цунами қаупі жарияланып, адамдардың биік орналасқан жерлерге көшу керектігі айтылды. Толқын биіктігі үш метрге дейін барады деп болжанған. Дегенмен, жер сілкінісінен кейін кей жерлерде толқын 1,4 метрге дейін, ал Фукусима атом станциясы маңында бір метрге дейін ғана көтерілді.


Жапониялық метеорологиялық агенттіктің өкілі Кодзи Накамура жер сілкінісінің ошағын көрсетіп тұр. © Reuters

Елдің солтүстік-шығысында "синкансэн" жедел пойыздары уақытша тоқтатылды. Ондаған әуе рейстері шегерілді.

Куәгерлер сейсмикалық толқыннан су деңгейі көтерілген өзен ағысы ауысып, кері аққанын телефонның камерасына түсіріп алған.

Сонымен қатар, Желіге теміржол вокзалдарының дірілдеп тұрғаны түсірілген видеолар да орналастырылған. 

 


Мияги перфектурасындағы "Сендай" бекетінде пойыздың жүрмейтіні туралы хабарланғаннан кейін © AP


Фукусима перфектурасындағы эвакуация  © AP


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная