14 ақпан 2021 | 16:01

Жапонияда америкалық Pfizer вакцинасын егуге рұқсат берілді 

© med2.ru

Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігі америкалық Pfizer компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасын қолдануға келісім берді. Бұл туралы Kyodo агенттігі жазды, - деп хабарлайды Радио Sputnik. Бұл мемлекет аумағында рұқсат берілген бірінші фирма. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігі америкалық Pfizer компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасын қолдануға келісім берді. Бұл туралы Kyodo агенттігі жазды, - деп хабарлайды Радио Sputnik. Бұл мемлекет аумағында рұқсат берілген бірінші фирма. 

Жақында Жапония ведомствосының сарапшылары Pfizer вакцинасын қолдануға рұқсат берді. Содан кейін елдің денсаулық сақтау министрі Норихиса Тамура вакцина 16 жастан асқан адамдарға арасы үш аптадан екі доза салынатынын мәлімдеді.

Реклама
Реклама

Америкалық вакцинаның алғашқы партиясы 12 ақпанда таңертең Токионың Нарита әуежайына Брюссельден жеткізілді. Агенттік хабарлауынша, Еуропалық Одақта вакциналардың бір партиясы шамамен 400 мың дозадан тұрады.
 
Енді 17 ақпаннан бастап Жапонияда 20 мыңға жуық медицина қызметкеріне вакцина салына бастайды. Kyodo ақпараты бойынша, вакцина алдымен жанама әсері болуы мүмкін зерттеуге қатысуға келісім берген медицина қызметкерлеріне ғана салынады. Вакцинация Токиодағы медициналық мекемелердің бірінде басталып, кейінірек бүкіл елге тарауы мүмкін.

Сонымен қатар, наурызда бүкіл мемлекет бойынша 3,7 миллионға жуық медицина қызметкері вакцина алуы керек. Сәуірде 65 жастан асқан адамдарды (шамамен 36 миллион адам) вакцинациялау жоспарланып отыр. Ал ауыр сырқаты жоқ жастарды вакцинациялауға қатысты үкіметте бірыңғай пікір әлі қалыптаспады. Олардікі мамыр-маусымда болуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная