17 сәуір 2020 13:02

Жапонияда әр адамға 930 доллардан беріледі

©REUTERS

Жапония мамыр айында әрбір азаматына 100 мың иен (шамамен 930 доллар немесе шамамен 400 мың теңге) көлемінде материалдық көмек төлей бастайды. Бұл туралы Токиода өткен баспасөз мәслихатында елдің премьер-министрінің орынбасары, қаржы министрі Таро Асо мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ең бастысы - жылдамдық", - деп жазған Киодо агенттігі премьер-министр Синдзо Абэнің сөзін келтіре отырып. Халыққа көмек көрсетудің осындай нұсқасын либерал-демократиялық партияның билеуші коалициясының серіктесі Коэйто партиясы ұсынған. 

Реклама
Реклама

Мақсат - ел экономикасына коронавирус індеті келтірген залалға байланысты барлық отбасыға табыс көлеміне қарамастан көмек көрсету.

Асоның айтуынша, табысы жақсы адамдардан берілген көмекті кейін қайтарып алу "физикалық тұрғыда мүмкін емес, бұл өте күрделі рәсім".

Жапония үкіметінің бас хатшысы Тсихидэ Суга үкіметтің "жүйені тез құруға әрекет етуге" ниетті екенін мәлімдеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram