ПОДЕЛИТЬСЯ
18 маусым 2021 | 11:24
Жапонияда әскери базаға аю шабуыл жасады
Жапониядағы Окадам әскери базасына аю шабуыл жасап, төрт адам жараланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NHK телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жапониядағы Окадам әскери базасына аю шабуыл жасап, төрт адам жараланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NHK телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметі бойынша, оқиға Жапонияның солтүстігіндегі Саппоро қаласында болған. Жыртқыш әскери база аумағына кіріп, қызметкерлердің біріне шабуыл жасаған. Кейін аю әуежай аумағындағы ұшу-қону жолағында жүрген және біраз уақыттан кейін қоршаудан өтіп, нысан аумағынан шығып кеткен.
Бұған дейін аю екі қарт адамға шабуыл жасаған. Салдарынан 70 және 80 жастағы қарт ерлі-зайыпты, сондай-ақ 40 жастағы ер адам жарақат алған. Олар ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет жоқ.
Жапонияда аюлар қалалық метро бойында және коммерциялық нысандар салынған қалалық аудандарда жүреді. Сондықтан Саппоро қаласының билігі аудан тұрғындарын үйден шықпауға шақырды, дейді арна тілшілері.
Аюды ұстау мүмкін болмағандықтан, қоғамдық қауіпсіздік үшін атылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также