Жапонияда Асо жанартауы атқылады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Жапонияның Кумамото префектурасында Асо жанартауы атқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Жапонияның Кумамото префектурасында Асо жанартауы атқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Жапонияның метеорология агенттігі дабыл көрсеткішін үшінші деңгейге көтерді және жергілікті тұрғындарға оңтүстіктегі Кюсю аралында жанартау атқылауына байланысты лава мен тас құлау қаупі туралы ескертті. Агенттік мәліметінше, жанартау жергілікті уақыт бойынша сағат 11:43 шамасында атқылаған.

Реклама
Реклама

Жанартау атқылауы салдарынан түрлі тау жыныстары құлады, ал лава 3,5 шақырым биіктікке көтерілді, деп хабарлады метеорология агенттігі.

Билік мәліметінше, зардап шеккендер мен қаза болғандар туралы дерек жоқ.

©REUTERS

Асо тауы - әлемдегі ең үлкен белсенді және Жапониядағы ең үлкен вулкан. Жанартау биіктігі 1592 метр.

Айта кетейік, 2014 жылы Жапонияның Нагано префектурасы орталығындағы Онтакэ тауында жанартау атқылап, салдарынан 63 адам қаза болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама