ПОДЕЛИТЬСЯ
16 ақпан 2021 | 16:22
Жапонияда COVID-19 вакцинасының бір бөлігі жойылады
Жапонияда Pfizer және BioNTech шығарған COVID-19 вакцинасының бір бөлігі жойылады. Бұл туралы Reuters елдің министрлер кабинетінің хатшысы Кацунобу Катоға сілтеме жасап хабарлайды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жапонияда Pfizer және BioNTech шығарған COVID-19 вакцинасының бір бөлігі жойылады. Бұл туралы Reuters елдің министрлер кабинетінің хатшысы Кацунобу Катоға сілтеме жасап хабарлайды.
Кацунобу Като вакцинациядан кейін қажет арнайы шприцтердің болмауы салдарынан лақтыруға тура келгенін айтты. Енді Үкімет шұғыл сұраныс жіберген, ал өндірушілер өндірісті ұлғайтуға тырысып жатыр.
Pfizer вакцинасының бір бөтелкесі алты инъекцияға арналған, бірақ барлық алты дозаны алу үшін инъекциядан кейін препараттың аз мөлшерін сақтайтын арнайы шприцтер қажет.
Кәдімгі шприцпен тек бес инъекция жасауға болады. Яғни Жапония тапсырыс берген 72 миллион адамның орнына бұл фармакологиялық компания шамамен 60 миллион адамды вакцинациялай алады.
Айта кетейік, Жапонияда вакцинаның бірінші партиясы елге 12 ақпанда әкелінді. Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігі оны пайдалануды 14 ақпанда мақұлдады. Препарат 16 жастан асқан адамдарға егіледі. Олар үш аптадан кейін вакцинаның екінші дозасын алады. Медицина қызметкерлерін вакцинациялау 17 ақпанда басталады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также