Жапонияда көшкін жүріп, 20 адам зардап шекті

Дина Шарипханова Корреспондент

Токионың оңтүстік-батысындағы Сидзуока префектурасындағы Амами қаласында көшкін жүрді. Апат салдарынан кем дегенде 20 адам жарақат алып, 10 үй қирады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Нақты мәліметке сүйенсек, оқиға жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10 шамасында болған. Апат болған ауданда іздестіру-құтқару жұмыстары басталды.

Реклама
Реклама

Сидзуока префектурасының әкімшілігі Жапонияның өзін-өзі қорғау күшінен адамдарды іздестіру жұмыстары бойынша көмек сұраған.

Соңғы бірнеше күнде апат болған аймақта нөсер жауған. Синоптиктер болжамы бойынша, Сидзуока префектурасында соңғы 48 сағат ішінде кем дегенде 300 миллиметр жауын-шашын түскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама