ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қараша 2021 | 11:57
Жапонияда "омикрон" штамына ең жоғарғы қауіп деңгейі берілді
Жапонияның Ұлттық жұқпалы аурулар институты (NIID) коронавирустың жаңа "омикрон" штамына байланысты қауіп деңгейін көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Japan Times басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жапонияның Ұлттық жұқпалы аурулар институты (NIID) коронавирустың жаңа "омикрон" штамына байланысты қауіп деңгейін көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Japan Times басылымына сілтеме жасап.
NIID коронавирустың жаңа штамын үш қауіп деңгейінің ең жоғарысына қойған - "алаңдаушылық тудыратын нұсқа" (VOC).
Бұл ретте премьер-министр Фумио Кисида билік жаңа штамның бүкіл әлемде таралуына байланысты шектеулерді одан әрі күшейтуді қарастырып жатқанын айтты. Премьер-министр тоғыз елге, соның ішінде Оңтүстік Африкадан келген шетелдіктерге ел шекарасы жабылғанын айтты, деп хабарлады Reuters.
"Біз штамм бүкіл әлемде таралғанын көріп отырмыз, сондықтан шекаралық бақылауды күшейту бойынша қосымша шараларды қарастырамыз және тиісті шешімді уақытында жариялаймыз".
Айта кетейік, соңғы апталарда Жапонияда коронавирус инфекциясының 200-ден аз жаңа жағдайы тіркелсе, үш ай бұрын бұл көрсеткіш 26 мыңға жуықтаған еді. 7 қарашада елде алғаш рет коронавирустан 15 айда бірде-бір өлім жағдайы тіркелмеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также