Жапониядағы жер үйдің шатырына түскен тас метеорит болып шықты
Жапониядағы жер үйдің шатырына түскен тас метеорит болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Жапониядағы жер үйдің шатырына түскен тас метеорит болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Жапониядағы мемлекеттік ғылым мұражайы жүргізген зерттеудің нәтижесіне жетекшілік еткен жергілікті NHK телеарнасы хабарлады.
Қыркүйектің соңында Комаки қаласындағы жер үйдің төбесіне тас түсіп, салдарынан бақшадағы жер шұңқыр болып ойылып қалған. Тастың беткі қабаты өртеніп, үш бөлікке бөлініп түскені анықталды. Оның көлемі 10,5 және 3 сантиметр екен.
Үйдің иесі табылған тастарды ғылым мұражайына тапсырған. Сөйтсе ғалымдар тас 4,5 миллиард жылмен есептелетін метеориттің бөліктері деген қорытындыға келген. Ал мұражай халықаралық метеориялық қоғамда тасты "Комаки метеориті" деп атайтынын мәлімдеді.