08 шілде 2020 | 10:45

Жапониядағы нөсер: 145 мыңнан астам адамды эвакуациялауға кеңес берілген

Фото: Reuters

Жапонияда Хонсю аралының алты префектурасында 145 мыңнан астам адамға эвакуациялану туралы хабарлама таратылды. Мұндай деректі NHK телеарнасы келтірді, - деп жазады РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жапонияда Хонсю аралының алты префектурасында 145 мыңнан астам адамға эвакуациялану туралы хабарлама таратылды. Мұндай деректі NHK телеарнасы келтірді, - деп жазады РИА Новости.

Дереккөз мәліметінше, Киото және Нагано префектураларында 145,6 мыңнан астам адамды эвакуациялауға кеңес берілген. Тағы 131 мың адамға Мияги, Фукусима, Нагано, Киото, Осака, Сига префектурасында су тасқынының қаупі туралы ескерту жасалды.

Реклама
Реклама

Жапонияның оңтүстік-батыс аудандарындағы нөсер салдарынан 57 адам қайтыс болды. Зардап шеккен жерлерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Нөсер енді оңтүстік-батыстан солтүстікке қарай жылжып жатыр. Олар енді Жапонияның негізгі аралы Хонсюға да жетті. Гифу және Нагано префектураларында жаңбыр салдарынан ең жоғары деңгейдегі қауіп режимі жарияланды.

Нөсер 4 шілдеде басталған болатын. Бұған дейін 50 адамның қайтыс болғаны туралы хабарланған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная