15 маусым 2019 | 18:06

Жапонияға қаржылық дағдарыс қаупі төніп тұр

Камила Долаева Журналист
© pixabay.com

Жапонияға қаржылық дағдарыс қаупі төніп тұр, - деп хабарлайды Хабар 24 тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жапонияға қаржылық дағдарыс қаупі төніп тұр, - деп хабарлайды Хабар 24 тілшісі. 

Бұған әлеуметтік міндеттемелерге жұмсалатын шығын себеп болған сыңайлы. Әсіресе зейнетақы мен жәрдемақы бюджетке үлкен салмақ болып тұр. Бұған денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығындарды қосуға болады. Жалпыға бірдей денсаулық сақтандыру жүйесі Жапонияда осыдан шамамен 60 жыл бұрын енгізілген. Оған сәйкес елдегі барлық ауруханаларда медициналық қызметтерге бірдей баға бекітілген. Мемлекет әлеуметтік дәрежесіне қарай науқастың емі мен дәрілерге жұмсаған шығындарының 90 пайызына дейін өтейді. Сөйтіп мұндағы сапалы медицина халықтың өмір жасын ұзартуға сеп болды, бірақ мемлекетті шығынға батырған.

Реклама
Реклама

"Тез арада шешілуі тиіс мәселелер бар. Мысалы қатерлі ісікті емдеуге арналған дәрілер өте қымбат. Сол себептен онкологиялық ауруларды емдеудің өзі бүкіл жүйені құлдыратуы мүмкін. Озық құрал-жабдықтар және заманауи тәсілдемелермен емдеу мемлекет тарапынан қомақты қаржыны талап ететінін түсіну қажет. Біз тиісті өзгерістер арқылы ғана медициналық сақтандыру жүйесін сақтап қала аламыз", - дейді онколог, аурухана иесі Иши Хикару.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная