Жапониялық дәрігерлер Олимпиаданы кейінге қалдыруды ұсынды

© REUTERS

Жапониялық дәрігерлер Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарын коронавирус пандемиясына байланысты тағы да кейінге қалдыруға шақырды, - деп хабарлайды NHK телеарнасы. 

Жапониялық дәрігерлер Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарын коронавирус пандемиясына байланысты тағы да кейінге қалдыруға шақырды, - деп хабарлайды NHK телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, кәсіподақ мүшелеріЖапонияның денсаулық сақтау министрлігіне барып, премьер-министр Есихидэ Сугеге хат жазбақ. Дәрігерлердің сөзінше, мыңдаған спортшы мен қонақтың келуі COVID-19-дың өршуіне әкеліп соғады. 

"Біз үкіметке үндеу жасадық, себебі елдегі медицина қызметкерлері бұл жағдайға байланысты ойын айтуы керек деп есептейміз. Ойынға мыңдаған спортшы, жаттықтырушы мен журналист келеді. Сондықтан Олимпиада ойындарының қауіпсіз өтуі екіталай. Біз ойынның өтуіне қарсымыз", - деді ұлттық дәрігерлер одағының жетекшісі Наото Уеяма.

Реклама
Реклама

Жапонияда Олимпиада ойындарының өтуіне қарсылық білдіруге арналған петицияға 351 мың адам қол қойған. 

Айта кетейік, бұған дейін Токио тұрғындары да Олимпиада ойындарының өтуіне қарсы болып, митингіге шыққан болатын. Тұрғындар спорттық шарадан кейін коронавирус індетінің ушығып кетуіне алаңдаулы.

Ұлттық стадион алдында жиналғандардың сөзінше, пандемия кезінде жарысты өткізу орынсыз. Сонымен қатар, наразылар Олимпиаданың кедейлерге кесірі тиеді" деп ұрандатты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама